Қырғызстан шекарашылары шекарадан заңсыз өтуге талпынатын қарулы топтарға тосқауыл қою операциясын жүргізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан шекарашылары шекарадан заңсыз өтуге талпынатын қарулы топтарға тосқауыл қою операциясын жүргізіп жатыр

Қырғызстан шекарашылары шекарадан заңсыз өтуге талпынатын қарулы топтарға тосқауыл қою операциясын жүргізіп жатыр

Бішкек. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан шекарашылары шекарадан заңсыз өтуге талпынатын қарулы топтарға тосқауыл қоюға бағытталған арнайы операция жүргізіп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Наурыз 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Көктемгі- жазғы кезең халықаралық лаңкестік ұйымдар қызметінің жандануымен байланысты болғандықтан, бұл операцияны өткізудің қажеттігі туындап отыр. Осыған орай Қырғызстан шекарашылары сәуір айынан бастап барлау-іздестіру жұмыстарының дайындығына кірісетін болады.

Осы айларда лаңкестер пайда болатын тау аралық жолдар, сайлар, асулар және мемлекеттік шекарадан өту бекеттер жіті бақылауға алынатын болады», — деп хабарлады шекара қызметінің басшылығы.

Басталған операция әзірге оқу түрінде жүргізілгенімен, барлық күш құрылымдарымен бірлесе отырып өткізілуде. Оны жүргізу барысында шекерадан қару жарақ пен жарылғыш заттарды, есірткіні заңсыз тасымалдау түрлері алдын ала ескертіліп, дайындық жұмыстары жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті