Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Бұл туралы Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстанға ресми сапарының аясында қол қойылған екі ел президентінің біріккен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атай отырып, ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде энергетика тасымалдайтын дәліздерді дамытуға бағытталған ықпалдастықты қолдайтынын мәлімдейді», -делінген құжатта.

Бұған қоса мәлімдемеде «Қазақстан мен Украина Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты ұзарта түсуге, сондай-ақ, Одесса-Броды жобасын дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын қарау жұмыстарын жалғастыруға ниетті»,- делінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті