Украина президенті қазақ-украин қарым қатынастарын оң бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина президенті қазақ-украин қарым қатынастарын оң  бағалауда

Украина президенті қазақ-украин қарым қатынастарын оң бағалауда

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Украина президенті Виктор Ющенко қазақ-украин қарым қатынастарын оң бағалауда . Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кеңейтілген бас қосуда айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Украина екі жақты қарым- қатынастардың жағдайын оң бағалауда және қазір тұрақты әрі болашағы бар байланыс орнады деп есептейміз «, — деді В. Ющенко.

Украина басшысы атап өткеніндей, Киев Қазақстанның жүргізіп жатқан сыртқы саясаты мен аймақтық бастамаларын жоғары бағалауда. «Екі мемлекет арасындағы сындарлы саяси диалог барлық салалар бойынша тиімді қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді және бұған дейін қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруға дайынбыз «, -деп атап өтті ол.

Украина президенті Қазақстанда Украина жылының ашылуы «Украина мен Қазақстанның әріптестігін нығайтуға үлкен серпін береді «, деп сенім білдірді. Сонымен қатар Украина жағы Қазақстанмен энергетика саласындағы қатынастарға ерекше мән беретіні жөнінде айтылды. «Бұл біз үшін басым бағыт болып отыр», — деп атап өтті В. Ющенко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті