Әлемдегі ең ауқатты адамдардың тізіміне 8 Қазақстандық енді - Forbes - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең ауқатты адамдардың тізіміне 8 Қазақстандық енді  - Forbes

Әлемдегі ең ауқатты адамдардың тізіміне 8 Қазақстандық енді - Forbes

Алматы. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың Forbes апталығының мәліметінше, әлемдегі ең ауқатты адамдардың тізіміне 8 Қазақстандық енді, деп хабарлайды агенттік.

  • 6 Наурыз 2008
  • 728
Фото - Caravan.kz

Журнал мәліметінше, тізімге кіргендердің арасында мыналар бар: Владимир Ким («Қазақмыс») — $4,7 млрд, Александр Машкевич — $3,3 млрд (ЕПА), Патох Шодиев («Қазақстан Алюминийі») — $3,3 млрд, Алиджан Ибрагимов («Қазхром») — $3,3 млрд, Тимур мен Динара Құлбаевтар (Қазақстан Халық Банкі) әрбіреуінің байлығы $2,7 млрд бағаланады), Нұржан Сұбханбердин — $1,8 млрд, (Қазкоммерцбанк) мен Болат Өтемұратов — $1,0 млрд.

Жалпы алғанда, Forbes версиясына сәйкес, 2007 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 1125 миллиардер тіркелді.

Дүниежүзіндегі ең бай адамға Билл Гейтсті артқа тастаған танымал американдық инвестор Уоррен Баффетт ($62 млрд) саналады. Екінші орында телекоммуникация магнаты әрі Латын Америкасындағы ең ауқатты адам, мексикандық Карлос Слим ($60 млрд) орныққан. Microsoft Билл басшысы Билл Гейтс Forbes тізімінде биыл 3-ші орынға тұрақтады ($58 млрд).

Forbes есебінше, әлемдегі барлық миллиардерлердің жиынтық ауқаты 4,4 трлн долларға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті