«Жобаның мақсаты бойынша Каспий мұнайы Еуропаға тасымалданады, бұл жобаның баламасы жоқ деп есептейміз», — деді В. Ющенко.
Ол хабарлағанындай, мұнай құбырының техникалық экономикалық негіздемесі Украина астанасында 22-23 мамырда өтетін энергетикалық саммиттде талқыланады.
«Украина энергетика көздеріне мүдделі екенін түсініп отырмыз. Қазақстан олардың сұранысын қанағаттандыра алады және оған ниет танытып отыр», — деп толықтырды ойды Н. Назарбаев.
Қазақстан президенті айтқанындай, бүгінде Қазақстанның мұнайы Солтүстік Каспийдің КТК мұнай құбыры жүйесі арқылы Қара теңіз порттарына жеткізіледі. «Қазір біз мұнай құбырының жылдық қуаттылығын 23 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөнінде мәселені көтеріп отырмыз. Ол үшін Ресеймен келісіп, оның мұнай тасымалдау ұйымдарымен уағдаласу керек», — деп атап өтті Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті