Қырғызстанның парламенттік комиссиясы Қазақстан юрисдикциясының қол астына Қарқара шатқалын беру мүмкіндігін зерттейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның парламенттік комиссиясы Қазақстан юрисдикциясының қол астына Қарқара шатқалын беру мүмкіндігін зерттейді

Қырғызстанның парламенттік комиссиясы Қазақстан юрисдикциясының қол астына Қарқара шатқалын беру мүмкіндігін зерттейді

Бішкек. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның парламенттік комиссиясы Қазақстан юрисдикциясының қол астына Қарқара шатқалын беру мүмкіндігін зерттейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның жоғарғы кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Наурыз 2008
  • 375
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұндай комиссияны құру жөнінде бүгін Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кенеш отырысында парламент спикері Адахан Мадумаров құлағдар етті. Оның сөздері бойынша «комиссияға тек парламентшілермен қоса, үкімет өкілдері де кіріп Қарқараға наурыз айының екінші жартысында барады. Олар Қырғызстан шекарасындағы солтүстік шығысындағы территориясымен алмасу мәселесін зерттеп, мұндай алмасудың құқықтық дәрежесі мен қажеттілігін анықтайтын болады».

«Қарқара шатқалын Қазақстанға беру туралы мәселені бірсыпыра депутаттар көтерген болатын. Сондай-ақ бұны Қ. Бакиевтің Қазақстан Республикасына сапары алдында шешуге болады деген. Алайда, А. Мадумаров пен бірқатар депутаттар бұл екі мәселені бір-бірмен байланыстырмай-ақ қоюға шақырды», — деп хабарлады Жогорку кенештің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті