«Бүгінде біздің институттар $5 млрд қаржыға 76 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. $1 млрд көлемінде қаржыға 41 нысан тұрғызылып, пайдаланылуға тапсырылды», — деп атап өтті Н. Назарбаев.
«Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда тұр, біз экономикамыздың шикізат емес бөлігін үнемі ұлғайтамыз, қазір оның жылдық көрсеткіші 7-8 % құрап, қарқынды жылдамдықпен дамуда», — деді ол.
ҚР президенті еске салғанындай, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылып, ол бүгінгі күні $700 млн бағаланатын жобаларды іске асырды. «Тағы да $1млрд көлемінде қаржыға 40 жоба жүзеге асырылайын деп тұр «, — деп толықтырды президент.
«Аталған барлық жобаларға украин компаниялары акционер, инвестор ретінде қатысып немесе бірлесе отырып осы жобаларға ие болар еді», — деп есептейді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті