Назарбаев Украина бизнесмендеріне Қазақстанның даму институттарының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Украина бизнесмендеріне Қазақстанның даму институттарының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды (толықтырылған нұсқа)

Назарбаев Украина бизнесмендеріне Қазақстанның даму институттарының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина бизнесмендеріне Қазақстанның даму институттары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды. Мұндай ұсынысты президент бүгін өткен қазақ- украин бизнес форумында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біздің институттар $5 млрд қаржыға 76 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. $1 млрд көлемінде қаржыға 41 нысан тұрғызылып, пайдаланылуға тапсырылды», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

«Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда тұр, біз экономикамыздың шикізат емес бөлігін үнемі ұлғайтамыз, қазір оның жылдық көрсеткіші 7-8 % құрап, қарқынды жылдамдықпен дамуда», — деді ол.

ҚР президенті еске салғанындай, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылып, ол бүгінгі күні $700млн бағаланатын жобаларды іске асырды. «Тағы да $1млрд көлемінде қаржыға 40 жоба жүзеге асырылайын деп тұр «, — деп толықтырды президент.

«Аталған барлық жобаларға украин компаниялары акционер, инвестор ретінде қатысып немесе бірлесе отырып осы жобаларға ие болар еді», — деп есептейді Н. Назарбаев.

Украйина президенті Виктор Ющенко атап өткеніндей, «бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздік тақырыбы әсіресе өзекті «. «Менің пікірімше біздің мемлекеттеріміз үшін өзекті, өйткені мемлекет тарапынан жұмсалатын күштің қомақты бөлігі аграрлық өнеркәсіп нарықтарына және агрария саласын дамытуға бағытталған «, -деп есептейді Украина президенті.

«Біз Қазақстан экономикасына қажетті бірқатар ауыл шаруашылық өнімдерді шығарудың бірегей мүмкіндігіне ие болып отырмыз, сондықтан қазақстан бизнесін бұл салада қарым қатынас жасауға шақырамыз «, — деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті