Украина өз рыногына Қазақстан бизнесінің келуінен мүдделі - Ющенко - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина өз рыногына Қазақстан бизнесінің келуінен мүдделі  - Ющенко

Украина өз рыногына Қазақстан бизнесінің келуінен мүдделі - Ющенко

Астана. 6 наурыз "Қазақстан Бүгін" - Украина өз рыногына Қазақстан бизнесінің келуінен мүдделі. Бүгін "Rixos" қонақ үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Украина президенті Виктор Ющенконың кездесуінде Украина мемлекет басшысы осылай деді, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Наурыз 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде екі жақты сауда-экономикалық қатынастар мәселесі талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Украинаның машина жасау, құрылыс және ауыл шаруашылығы тәрізді экономика салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Виктор Ющенко екі жақты өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі туралы, сондай-ақ екі елдің бизнес қоғамдастығының ынтымақтастығын дамытуда Украинаның мүдделі екендігі жайындағы пікірін білдірді. «Біз Қазақстанның бизнес инфрақұрылымы украина рыногына қатысуына мүдделіміз»,- деді Украина президенті.

Бұдан басқа, В. Ющенко Қазақстанның коммуналдық шаруашылықты басқару тәжірибесін оң бағалайтынын атап өтті. «Осы жылдар ішінде Қазақстанда коммуналдық шаруашылықта көптеген істер атқарылды және Украина сіздердің тәжірибелеріңізге қызығушылық танытуда»,- деді ол.

Өз кезегінде, К. Мәсімов Қазақстан мен Украина президенттерінің келіссөздері барысында қол жеткізілген келісімдер бойынша тиісті тапсырма алғанын мәлімдеді. «Аталған мәселелер бойынша қазірдің өзінде жұмыс тобы құрылды»,- деді премьер-министр.

Кездесу қорытындысында К. Мәсімов В. Ющенконы Украинаның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтап, аталған ұйымға Қазақстан Республикасының кіруі мәселесінде қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті