Өскеменде көп балалы аналар "Күміс алқа" және "Алтын алқамен" марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде көп балалы аналар "Күміс алқа" және "Алтын алқамен" марапатталды

Өскеменде көп балалы аналар "Күміс алқа" және "Алтын алқамен" марапатталды

Өскемен. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 305 көп балалы анаға "Күміс алқа" және "Алтын алқасы" табыс етілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Өскемендегі еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде хабарлады.

  • 7 Наурыз 2008
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық 8 наурыз әйелдер күні мерекесіне байланысты көп балалы аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде облыстық бюджеттен 3 млн 50 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді», — деп хабарлады ведомствода.

Бөлімде берілген ақпарат бойынша, кәмілет жасқа толмаған балалары бар қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып отырған 14 мүгедек әйелге «Биби-Ана» бір жолғы материалдық көмек ретінде 70 мың теңге бөлді.

«Ал «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт өтті. Тұрмыстық ахуалы төмен әйелдердің үйлеріне азық түлік апарылып тапсырылды», — деп атап өтті ведомствода.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті