Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед ауруханадан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед ауруханадан шығарылды

Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед ауруханадан шығарылды

Қызылорда. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -МИ-8 "Қазәуеқұтқару" тік ұшағының апатынан кейін облыстық медициналық орталығына жеткізілген Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОМР бас дәрігері Абдулла Шүленбаевқа сілтеме жасай отырып.

  • 7 Наурыз 2008
  • 799
Фото - Caravan.kz

«Ол дәрігерлердің бақылауында болады, өйткені көптеген жарақаттар алып, миы шайқалған «, — деп түсіндірді денсаулық сақтау департаментінің директоры Мұрат Көшімбеков.

Аймақтың басшысы жұмысқа қашан кірісетіні хабарланбай отыр. Бірақ агенттік тілшісі анықтағанындай, Мұхтар Құл-Мұхаммед жақын уақытта жұмысқа шығып өзінің кабинетінде отыратын болады. Апат оқиғасының куәгерлері айтқанындай, облыс әкімі алған жарақаттарға қарамастан зардап шеккендерд ң тасымалдауын бақылап, соңына дейін оқиға орнында болған.

М. Көшімбековтың сөздері бойынша «денсаулығының оңалуына байланысты Жалағаш аудандық ауруханасынан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің бейнеоператоры Оңғар Саймасаев көшірілді. МИ-8 борт механигі Виталий Глазунов әлі аудандық ауруханада жатыр. Бірақ оның денсаулығы түзеліп келеді».

Бұдан бұрын хабарланғанындай 28 ақпанда Жалағаш ауылына жақындай бергенде ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» МИ-8 тік ұшағында отырған 18 адам апатқа ұшырады. Апат оқиғасы салдарынан 5 адам қаза болып, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер қатарында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл- Мұхаммед бірінші болып аурухана палатасынан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті