Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық жалпы бөлігі құрастырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық жалпы бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық жалпы бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңыр. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық жалпы бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Наурыз 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының мамандары «АМС-14» ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың жұмыстарын жалғастыруда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық жалпы бөлігін құрастыру жұмысы басталды.

«Бриз-М» ауыспалы жүйесі мен «АМС-14» ғарыш аппаратынан тұратын ғарыштың бас бөлігіне түйістіру іске асырылады.

Жалпы ғарыш тасығышын құрастыру жұмыстары аяқталғаннан соң, алдағы аптаның басында «Протон-М» зымыран тасығышының «Бриз-М» үдеткіш блогын төменгі қысымды бактарын жанармаймен толтыру үшін техникалық отын құю стансасына жеткізіледі.

Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

«АМС-14» телекоммуникациялық серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті