«Елде тауардың тапшылығы болмағандықтан қант импортына жасалған шектеулер өнім бағасының көтерілуін туғызбайды. Отандық зауыттар 15 млн халқы бар Қазақстан тұтынушыларын қантпен толық қамтамасыз етуге қауқары жетеді. Сондай-ақ, қалған өнімді экспортқа жіберуге мүмкіндігі болады «, — дейді қауымдастық өкілдері.
Баспасөз хатында айтылғанындай, «соңғы уақытта Қазақстанға демпинктік қант әкелу үрдісі байқалады». Мысалы,»егер өткен жылдары 8 % көлемінде импорттық қант сатылса, 2007 жылы оның көлемі 30% құрады».
«Қазақстанда өткен жылы жалпы 139 мың тонна қант сырттан жеткізіліп сатылып, оның 97 % кедендік баж салығы салынбады. Сырттан тасымалданатын қант көлемі Алакөл, Боралдай екі қант зауытының тоқтауына әкеп соқтырды «, -деп айтылған баспасөз хатында.
«Қант нарығындағы жағдай қызылша өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарына да әсерін тигізеті жөнінде арнайы жүргізілген зерттеулердің қорытындылары көрсетті. Мемлекет тарапынан жедел түрде шаралар қолға алынбаса, қант саласы толық құртылуы мүмкін», — деп атап өтті мамандар.
Қауымдастықтың ақпараты бойынша мемлекетті тиісті көлемде қантпен қамтамасыз ету үшін 600 мың тонна қант жеткілікті.
«Отандық зауыттардың қуаты тәулігіне 3000 мың тонна қант шикізатын пайдалану арқылы 790 мың тонна ақ қантын шығаруға мүмкіндігі бар, яғни бұл тұтыну көлемінен бір жарым есе жоғары», — деп келтірілген баспасөз хатында.
Ал «шикізат ретінде қант қызылшасымен бірге импорттық қант шикізаты пайдаланылады». Қауымдастықтың пікірінше шикізат тапшылығы «болмайды өйткені, шектеу тек дайын өнімге қойылып отыр, ал бұл шара азық -түлік қауіпсіздігін күшейтіп ішкі нарықты дамытуға бағытталған халықаралық тәжірибе болып саналады «.
«Қабылданған шаралар нарықтың тұрақты дамуына септігін тигізіп, мемлекеттің тұрақты қолдауымен жалпы саланың жандануына ықпалын тигізеді. Енгізілген квоталар елдің әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбейді», — деп сендірді қауымдастық мүшелері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті