Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Ташкентке келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Ташкентке келді

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Ташкентке келді

Ашхабад. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбі күні Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың Өзбекстанға екі күндік мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

Түрікмен президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «екі ел басшылары Гурбангулы Бердымухамедов пен Ислам Кәрімов келіссөздер барысында түркімен-өзбек ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін және өзара қызығушылық тудыратын аймақтық, халықаралық сипаттағы өзекті проблемаларды талқылайды».

Түрікменстан жетекшісі өзбек астанасының тарихи ескерткіштерін аралап көріп, Түрікменстан елшілігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалауға қатысады. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарламада, сондай-ақ, Самарқанд қаласына бару қарастырылған. Онда Түрікмен президенті тарихи ескерткіштермен және «СамАвто» секілді заманауи өнеркәсіп алпауыттарымен танысады.

Сапар соңында түркімен-өзбек серіктестігінің сапалық деңгейін көтеруге ықпалын тигізетін құжаттар топтамасына қол қою жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті