Арменияда төтенше жағдай режимі жеңілдетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арменияда төтенше жағдай режимі жеңілдетілді

Арменияда төтенше жағдай режимі жеңілдетілді

Ереван. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Армения президенті Роберт Кочарян Ереванда 2008 жылдың 1 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізу жөніндегі жарлықтың екі бөлімін күшін жойды деп тану жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Армения президентінің баспасөз хатшысы Виктор Согомонян мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 517
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың іс-қызметін уақытша тоқтата тұру туралы, сондай-ақ, төтенше жағдай тәртібін бұзған және сол аумақта тұрмайтын тұлғаларды қудалау туралы талаптар алынды.

В. Согомонянның айтуынша, президент бұл жарлыққа Ереванда 1 наурыздан бері белгіленген тәртіпті бұзу оқиғасы тіркелмеуіне байланысты қол қойған, бұл осындағы саяси ахуал тұрақтанды және ел мен халықты тез арада күнделікті тіршілік қамына кірісу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет дегенді білдіреді.

«Президент аппаратының мамандары төтенше жағдай енгізу жөніндегі жарлықтың БАҚ іс-қызметін шектеу туралы бөліміне қатысты басқа құқықтық шешім қабылдау үшін жұмыстар жүргізуде, ол шектеу шарттарын жеңілдетуге қатысты», -деді баспасөз хатшысы. Айта кету керек, 1 наурызда бұл елде іс жүзінде цензура енгізілді. Төтенше жағдай енгізу жөніндегі жарлыққа сәйкес, «бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік және ішкі саяси мәселелерге қатысты жарияланымдары тек мемлекеттік органдардың ресми хабарламалары аясында ғана жүзеге асырылуы тиіс». Ал Арменияның «Бұқаралық ақпарат туралы» заңында осы елде цензураға тыйым салынған.

Осы орайда еске сала кетсек, Ереванда 2008 жылдың 1 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді, оған 19 ақпанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспеген ереуілшілер мен құқық қорғаушылар арасында ауқымды қақтығыстар туындауы себеп болған. Осындай қақтығыстар салдарынан, Армения бас прокуратурасының мәліметінше, 7 ереуілші мен 1 полиция офицері қаза тауып, 165 адам — 48 қарапайым азамат, 117 полицей мен әскери жараланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті