Астанада су құбырының жарылуынан 16 үй сусыз қалды -ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада су құбырының жарылуынан  16 үй сусыз қалды -ТЖМ

Астанада су құбырының жарылуынан 16 үй сусыз қалды -ТЖМ

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырының жарылуынан 16 үй сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Наурыз 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Алматы ауданындағы Молодежный ықшам ауданында 10 наурызда 22 сағат 45 минутта Ташенов көшесіндегі №26 үйге қарама қарсы жатқан диаметрі 300 мм су құбыры жарылып №№ 26, 32, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41, 12, 46, 47, 50/1 көп пәтерлі үйлер мен Бараев көшесінде тұрған №№ 9/1, 11, 19 тұрғын үйлер сусыз қалды. Су құбыры 11 наурызда қалпына келтіріледі.

«ТЖ жою жұмыстарына «АстанаСуАрнасы» 15 адамы және 9 бірлік техника жұмылдырылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті