Қырғызстанда ВИЧ індетіне шалдыққан 36 адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ВИЧ індетіне шалдыққан 36 адам анықталды

Қырғызстанда ВИЧ індетіне шалдыққан 36 адам анықталды

Бішкек. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бір айдың ішінде ВИЧ індетіне шалдыққан 36 адам анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің республикалық "СПИД" бірлестігіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Наурыз 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпараты бойынша, биылғы жылдың 1 наурызында 1535 оқиға тіркелді, ал ақпан айында бұл көрсеткіш 1499 деңгейін құраған болатын.

Республикалық бірлестіктің ақпараты бойынша Ош және Шу облыстарында ВИЧ дертін таратудың эпидемиологиялық жағдайы өте ауыр. Мысалы, ВИЧ індентінің жаңа 36 оқиғасы Ош облысында тіркелді.

Өткен жылы Қырғызстанда бұл дерттен 186 адам, оның 87-сі СПИД індетінен қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті