Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы  Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Наурыз 2008
  • 366
Фото - Caravan.kz

«10 наурыз күнгі сағат 22-дегі жағдаймен жалынның биіктігі 60 — 70 метрді, диаметрі — 20 — 25 метрді құрады. Ұңғының аяғын бірінші рет жалға түсіру жарамсыз болып қалғандықтан, оны қайта жүзеге асыру қажет. Жалынның үлкен ауқымға жайылуынан және ұңғының аяғына адамдар жете алмауынан оны тазарту қиынға соғып отыр. Жалынға оранған мұнайды ұңғының ұшынан аударып әкету үшін экскаватормен шұңқыр қазылуда», — деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ «Ақберен» РМК-ның 14 адамы мен 10 арнаулы техникасы жұмылдырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде 9 наурызда 2 сағат 30 минутта газ қоспасы бар мұнай атқылап, артынан ол тұтанып кетті.

Бұрғылау жұмыстарын «Сырдария Мұнай» АҚ жүргізіп жатқан, ұңғының жобалық тереңдігі 1550 метрді, забой тереңдігі 1507 метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті