Қарағанды облысында 8 наурызда 65 сәби дүниеге келген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 8 наурызда 65 сәби дүниеге келген

Қарағанды облысында 8 наурызда 65 сәби дүниеге келген

Қарағанды. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 8 наурызда 65 сәби дүниеге келген, оның ішінде 35-і ер бала. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Жоспар бойынша бұл күні облыс бойынша 70 бала өмірге келеді деп болжанған болатын», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, дүние есігін қаққан сәбилердің басым көпшілігі Қарағандыда туған (20 бала). Екінші орында Теміртау. Мұнда 11 бала туған, оның ішінде біреуі егіз.

Облыс әкімі Нұрлан Нығматуллиннің бастамасымен әрбір сәби 25 мың теңге көлеміндегі материалдық көмекке ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті