Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, «Айнабұлақ» ықшамауданында 9 наурыз күні күндізгі сағат 12.35-те «Ракурс Билдинг Компани» ЖШС тиесілі құрылыс нысаны аумағында бетон араластырғыш бөліктің металл құралдары сынған.
«Нәтижесінде жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше оқиға орынында бір адам қаза тауып, тағы бір адам 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа дәрежеде», — деп түсіндірді «Алматы қалалық құтқару қызметі».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті