Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, су тасқынынан зардап шеккен үш ауданға 10 наурызда 456 шатыр, 3 мың 70 төсек, 4 мың 697 дана матрас, 10 мың 744 ақжайма, 7 мың 967 жастық қаптамасы, 162 мың 581 ет консервісі, 60 тонна 545 келі түтік кеспесі, 70 дана көрпе, 70 жастық таратылды.
Темірлановка ауылының қоймасында бүгінгі күні 194 шатыр, 3 мың 930 төсек, 2 мың 303 дана матрас, 17 мың 256 дана ақжайма, 6 мың 33 дана жастық қабы, 187 мың 462 банкі ет консервісі, 8 тонна 755 келі түтік кеспесі, 6 мың 930 көрпе, 650 дана жылыту пеші, 10 дана дала асханасы қалды.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша апта соңында Сарыағаш, Арыс, Ордабасы аудандарына қалған азық -түлік жеткізілетін болады.
Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, облысқа 650 шатыр жөнелтілді, оның 75-сегіз орынды, 250-10 адамға арналған және 325- 12 орынға арналған. Су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш аудан тұрғындарына 456 шатыр жіберілсе, Арыс және Ордабасы аудандары олардан бас тартты.
Сонымен қатар тұрғын вагондары мен киіз үйлер де бар. Арыс ауданында 25, ал Ордабасы ауданында 4 киіз үй тұрғызылды. Ал Сарыағаш ауданында 55 вагон және 10 киіз үй құрастырылды. Қорда сондай-ақ, 7 киіз үй қосымша тағы да бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті