«Нұрхат Жұмабековтың «үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты берген шағымы қанағаттандырылмайды «, — деп мәлімдеді жоғарғы сот судьясы Николай Мамонтов соттың шешімін жариялап.
«Сот үкімі жарияланған күннен бастап күшіне еніп, қайта қаралуға жатпайды», -деді ол.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, Н. Жұмабеков көлік жүргізушілердің кәулігіне талондарды енгізу жөнінде «үкіметтің 1997 жылғы 25 қарашасында қабылданған №1650 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» үкіметтің 2007 жылдың 9 қаңтарындағы №6 қаулысының заңдылығына қатысты сотқа шағым түсірді.
Оның пікірінше бұл қаулы Конституцияның 14, 39, 61 баптарына қайшы келеді. Тілші хабарлағанындай, шағым түсірген Абай қаласының тұрғыны Нұрхан Жұмабеков өзінің талабын былай жариялады: «үкімет Конституцияның 39-және 61 баптарын бұзып, өзінің құзырын асыра пайдалана қаулы қабылдап, нормативтік-құқықтық актілері арқылы менің құқығымды шектеді дегенді соттың растауын сұраймын».
«Сондай-ақ, бұл қаулы «Жол қауіпсіздігі жөніндегі» заңның 16-бабында қарастырылған көлік жүргізу құқығымды бұзып отырғанын растауды өтінемін», деген еді шағымданушы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті