Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда», — деді Н. Алдабергенов.

«Бұл ретте ірі электр станциялары мен аймақтық жылу энергетикалық орталықтарында өндірілген электр қуатының құны 3 — 13% аралығында өзгереді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушылары үшін электр қуатының құны 6 — 17%, солтүстік өңірлерде 2 — 10% аралығында өзгереді», -деді ол.

Орталықтандыпрылған жылу құнының шектеулі өсімі агенттік болжамына сәйкес 9,8% деңгейінде, ал жылу энергиясының құнының ұлғаюы жекелеген кәсіпорындарда 4 — 8% аралығында болмақ.

«Осы орайда көмір мен мазут бағасы 2007 жылғы желтоқсан айындағы деңгейде болуға тиіс», — деді Н. Алдабергенов. Оның хабарлауынша, суық судың тарифтерінің болжамды өсімі 2008 жылы 12,3% құраса, кәсіпорындардың басым бөлігі бойынша баға өсімі 4%-дан аспайды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, газ бағасы 15%-ға дейін, ыстық судың бағасы 11,7%-ға дейін , кәріз жүйесінің құны 9,8 %-ға дейін өсуге тиіс.

Ағымдағы жылы тарифтер өсімінің осындпай шектеулі көрсеткіштері , Н. Алдабергеновтың пікірінше, реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан асырмауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті