Ақтөбе облысында бөкендерді заңсыз атқан төрт адам құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында бөкендерді заңсыз атқан төрт адам құрықталды

Ақтөбе облысында бөкендерді заңсыз атқан төрт адам құрықталды

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының ІІД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ырғыз -Торғай резерваты инспекторларымен бірлесе отырып Балымбет мекенінде жүргізген рейдтік жұмыстары кезінде бөкендерді заңсыз атқан Қызылорда облысының жұмыссыз төрт тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІД табиғатты қорғау бөліміне сүйене отырып.

  • 11 Наурыз 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Табиғатты қорғау полициясының берген ақпараты бойынша, айғақ ретінде атылған 6 бөкен, 4 дана қару, оның бірі 49 оғы бар тіркелмеген СКС карабині, прожектор тәркіленді. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады.

Бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 288 бабы (заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр

Сонымен қатар,»Ақмола облысының Шортанды АІІД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Боровский ауылды техникумының орман аймағында жүргізген шаралары кезінде тұзақ пайдалану арқылы заңсыз бір маралды өлтірген екі жергілікті тұрғынды ұстады «,- деп хабарланған баспасөз хатында. Қолға түскендердің бірі -әйел адам. Олардан маралдың еті, металд тұзақ және дорба тәркіленді. Шығын көлемі 233600 теңгеге бағаланып отыр.

Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 288 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

Табиғатты қорғау полициясының мәліметтері бойынша, осы облыста ерекше қорғалатын «Көкшетау» табиғат аймағында Қытайда шығарылған ау арқылы 87 балықты ұстаған Зеренді ауылының тұрғыны ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті