Қазақстан делегациясы Ислам конференциясы ұйымының саммитіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан делегациясы Ислам конференциясы ұйымының саммитіне қатысады

Қазақстан делегациясы Ислам конференциясы ұйымының саммитіне қатысады

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан делегациясы 13-14-наурызда Дакарда өтетін Ислам конференциясы ұйымының 11-саммитіне қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

«13 — 14 наурызда Сенегал астанасы Дакарда сыртқы іс тер министрі Марат Тәжин басқарған Қазақстан делегациясы Ислам конференциясы ұйымының кезекті 11-ші саммитіне қатысады «, — деді Е. Ашықбаев. Оның айтуынгша, Дакарға сапары шеңберінде ҚР СІМ Сенегал мен Омандық әріптестерімен екі жақты келіссөздер жүргізеді.

Бүгін 11 наурызда Қазақстан өкілдері Ислам конференциясы ұйымының саммитке дайындық жөніндегі министрлерінің кеңесіне қатысады. Министрлердің отырысы барысында «саммиттің күн тәртібі, қазіргі заманғы және мұсылман қоғамы дамуының өзекті проблемалары талқыланады. «Республиканың Ислам конференциясы ұйымының шеңберіндегі іс-қызметін пәрмендендіру еліміздің мүддесіне сай келеді, Қазақстанның бастамаларын ілгерілетуге және мұсылман әлемі елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізеді», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті