«Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда», — деді Н. Алдабергенов.
«Бұл ретте ірі электр станциялары мен аймақтық жылу энергетикалық орталықтарында өндірілген электр қуатының құны 3 — 13% аралығында өзгереді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушылары үшін электр қуатының құны 6 — 17%, солтүстік өңірлерде 2 — 10% аралығында өзгереді», -деді ол.
Орталықтандырылған жылу құнының шектеулі өсімі агенттік болжамына сәйкес 9,8% деңгейінде, ал жылу энергиясының құнының ұлғаюы жекелеген кәсіпорындарда 4 — 8% аралығында болмақ.
«Осы орайда көмір мен мазут бағасы 2007 жылғы желтоқсан айындағы деңгейде болуға тиіс», — деді Н. Алдабергенов. Оның хабарлауынша, суық судың тарифтерінің болжамды өсімі 2008 жылы 12,3% құраса, кәсіпорындардың басым бөлігі бойынша баға өсімі 4%-дан аспайды.
Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, газ бағасы 15%-ға дейін, ыстық судың бағасы 11,7%-ға дейін , кәріз жүйесінің құны 9,8 %-ға дейін өсуге тиіс.
Ағымдағы жылы тарифтер өсімінің осындай шектеулі көрсеткіштері , Н. Алдабергеновтың пікірінше, реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан асырмауға мүмкіндік береді.
«Бұл ретте 1,02% — ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында газдың құнын $85 дейін өсіру есебінен бағаның ұлғаю үлесі болып табылады. Қалған үлес басқа өңірлерде су қамтамасыздығы, жылу және энергия қамтамасыздығы қызметтерінің құнын инфляцияға 0,48% үлеспен өзгертуге тиесілі», -деді агенттік басшысы.
Оның айтуынша, егер монополистер мен доминанттар тарапынан ұсынылған барлық шығындарды тарифтерге қосқан жағдайда агенттік реттейтін қызметтердің инфляцияға үстемелейтін есептік үлесі 1,5 емес, 7,95%-ды құрайтын еді. Н. Алдабергенов осы орайда 2006 жылы 8,36% деңгейінде қалыптасқан инфляция кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі реттейтін қызметтердің үлесі 1,36%-ды құраса, 2007 жылы 18,8% деңгейінде қалыптасқан инфляция кезінде тиісті көрсеткіш 2,15% болғанын еске салды.
Бұған қоса , Н. Алдабергенов енді жаңадан қаралатын өтініштер бойынша жаңа тарифтерді мынадай мерзімде енгізуді ұстану орынды деп санайды : сәуір — электр қуатын өндіруге тарифтер енгізу, мамыр — шілде — электр қуатымен қамтамасыз ету және оны жалғастыру тарифтері , маусым — тамыз — су арнасы мекемелерінің тарифтері, шілде — тамыз — газ қамтамасыздығы тарифтері және қазан-қараша -жылу энергиясының тарифтері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті