Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер радиоактивті тантал концентраты мен заңсыз енгізілген кеңсе техникасының партиясын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер радиоактивті тантал концентраты мен заңсыз енгізілген кеңсе техникасының партиясын ұстады

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер радиоактивті тантал концентраты мен заңсыз енгізілген кеңсе техникасының партиясын ұстады

Шымкент. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қалалық әуежайында радиоактивті тантал концентраты мен заңсыз енгізілген кеңсе техникасының партиясы ұсталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 619
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласынан келген ұшақтан кедендік тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген кеңселік техника мен оған қосалқы жабдықтардың партиясы табылды, олардың арасында бірнеше ондаған ноутбуктер, картридждер, бейнеадаптерлер, қатты дискілер және басқа да заттар бар. Сонымен қатар 1,5 мың бума хош иісті темекі шықты.

Бұл жүктің жіберілгені туралы құжаттар болмаған. Жүкке ілеспе құжаттар мен жөнелтпе қағаздарына сәйкес, Арабтың Logistic Links фирмасы Алматы тұрғынына автобөлшектер, етіктер, үстел жабындылары мен киім-кешек түрінде жалпы салмағы тоннадан астам зат жіберген. Алайда, кейбір аты аталған жүктердің орнынан кеңсе техникасы табылған.

«Компьютерлер, кеңсе техникасы мен оларға қосымша жабдықтардың кедендік төлемдері мен салықтары мүлдем басқаша ставка бойынша есептелетінін ескеру керек. Егер жүк заңға сәйкес рәсімделсе, онда кедендік төлем мөлшері 2 млн жуық теңгені құрайтын еді. Ал қымбат аппаратураны күнділікті тұтыным тауарлары ретінде енгізу арқылы жүк иесі бар болғаны 334 мың теңге төлейтін еді», -деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тағы да осы ұшақпен Өскемендегі «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін 65 бөшке тантал концентраты (жіберуші — Қытайдың Niotan Limited фирмасы) жіберілген. Санитарлық дәрігерлер радиоактивтік фонның 4 есе артық екенін анықтады. Мамандардың пайымдауынша, соның салдарынан ұшақ бортында болған азық-түлік өнімдері мен басқа да күнділікті тұтыным тауарлары радиоактивті сәуленің әсеріне ұшырап, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті