Бішкекте өткен кездесуде М. Фаворов Орталық Азия елдерінде ВИЧ індетінің алдын алуда күш біріктірудің маңызына тоқталды.
Ол сонымен бірге USAID бөлген қаржыға Орталық Азия елдерінде ВИЧ індетін айқындау жөніндегі жаңа тестілер сатып алынғанын жеткізді.
«Жаңа тестілердің бір ерекшелігі сол, енді індетті айқындау үшін қан алудың қажеті жоқ. Ол үшін адамның түкірігінің сынамасын алса жеткілікті», — деді ол.
Оның айтуынша, індетті анықтайтын жаңа «аспап» «пластмасса таяқшаға оралған мақтадан ғана тұрады».
«Осыған байланысты біз Қырғызстандық дәрігерлердің Шымкентте оқудан өтуін қалаймыз», — деді М. Фаворов.
Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері, Мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног М. Фаворовтың пікіріне қосылып, «Қазақстанда СПИД індетінің белең алуына қарсы жауап әрекеттердің белгілі бір алгоритмі бар екенін» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті