Оның мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 9 наурызында елдің оңтүстігіндегі Қызылқия қаласының электр қазандықтарының жұмысы тоқтатылған. Ендігі кезекте энергетиктер қаласы Қаракөлдің кезегі келді.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда электр қуатын тұтынуға шектеу енгізілді. Тоқтағұл су қоймасынан су жіберу көлемін қатаң түрде азайту қажеттігіне байланысты Қырғыз Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі осындай қаулыға қол қойған. Электр қуатын тұтынуды шектеу қажеттігі Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің өте төмендеп кетуінен туындаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті