Болгария Әзербайжанның 1 млрд текше метр газын сатып алуға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болгария Әзербайжанның 1 млрд текше метр газын сатып алуға дайын

Болгария Әзербайжанның 1 млрд текше метр газын сатып алуға дайын

Баку. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Болгария Әзербайжанның 1 млрд текше метр газын сатып алуға дайын. Бұл туралы журналистерге мемлекет басшысы Георгий Пырванов Бакуге ресми сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Президенттің сөздері бойынша, бұл мәселені ол Әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевпен өткен кездесуде талқылады.

«Кездесу кезінде мен Болгарияның табиғи газдың экспорты мен оны өндіруге дайын екендігін айттым. Бұл Болгарияның квота аясында 1 млрд текше метр көлемінде газ алуы мүмкін. Түркия мен Греция арқылы өтетін газ құбырларын пайдалану арқылы одан әрі басқа елдердің құбырларымен газды жеткізуге болады. Бұл Әзербайжанға өз жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді», — деді Г. Пырванов.

Оның сөздері бойынша, Әзербайжан жалпы Еуропада газ экспортында маңызды роль атқаруы мүмкін.

«Болгария NABUCCO жобасына байланысты Еуропадаға энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапкершілігін сезіне отырып, осы бағыттағы жұмысын жандандырмақшы. Мен біздің бұл жобаға қатысуымызды жоғары бағалап, оны аса маңызды деп есептеймін. Әзербайжан ресурстарды экспорттаушы ретінде өте сенімді мемлекет болып отыр», — деп атап өтті Болгария президенті.

Ол атап өткеніндей, кездесу барысында И. Әлиевпен Каспий және Қара теңіз мемлекеттерінің қуат көздерін диверсификациялау және осы саладағы жұмыстарды жеделдету жөнінде аймақаралық конференциясын өткізу жөнінде мәселесі талқыланып, оны Әзербайжан басшылығы мақұлдады.

«Біздің министрліктер, сарапшылар мен энергетикалық компанияларымыз Әзербайжанның жуырда шыққан Бургас-Александропулос жобасына және еуропалық бірқатар энергетикалық жобаларға қосылу мүмкіндігін талқылауы аса маңызды болар еді», — деп атап өтті Г. Пырванов.

Ол атап өткеніндей, Әзербайжанмен экономика саласында, әсіресе көлік секторы бойынша қарым- қатынастарды кеңейту қажет және әуе рейстерін ашу мәселесін тездетіп шешу керек.

Г. Пырвановтың Әзербайжандағы сапары 13 наурызда аяқталады. Бүгін жұмыс сапары аясында Болгария президенті Шекин ауданына барып қайтады (Әзербайжанның батысында).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті