Оңтүстік Қазақстан облысындағы селден келген шығын шамамен 130 млн АҚШ долларын құрайды - БҰҰ сарапшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы селден келген шығын шамамен 130 млн АҚШ долларын құрайды - БҰҰ сарапшылары

Оңтүстік Қазақстан облысындағы селден келген шығын шамамен 130 млн АҚШ долларын құрайды - БҰҰ сарапшылары

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ сарапшылары селден келген шығын кейбір есептеулер бойынша шамамен 130 млн АҚШ долларын құрайды деп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Наурыз 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«БҰҰ сарапшылары кейбір есептеулер бойынша шамамен 130 млн АҚШ долларындай шығын әкелген Оңтүстік Қазақстан облысындағы селден кейін қалыптасқан төтенше жағдай бойынша өз ойларын ортаға салды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, проблеманы іс жүзінде көру 4-6 наурызда халықаралық ұйымдардың делегациясының Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарынан кейін айқындалған. Делегация құрамында БҰҰ Даму бағдарламасының, ЮНИСЕФ, БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариатының, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері болған. Сарапшылар стихиялық апат салдарынан зардап шеккен жергілікті халықтың гуманитарлық көмекке қаншалықты зәру екендігін кәсіби тұрғыдан бағалаған.

Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстанның жергілікті басқару және Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік органдары аймақтағы дағдарысты жағдайды жақсарту бойынша көңілге қонымды шаралар атқаруда. Олардың дер кезінде жасаған әрекеттері облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын болдырмауға және сел нәтижесінде зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жандандыруға септігін тигізген.

«Алайда, халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, қазіргі уақытта тұқым себу науқаны жақындаған сайын апаттан зардап шеккен ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандардың тұрғындары сел салдарын қаттырақ сезетіні айқын белгілі болып отыр. Сондықтан, ауыл тұрғындарын тұқым себу науқанына дайындық кезіндегі қажеттіліктеріне шұғыл әрекет етудегі күш-жігерді жұмылдыру қажеттігі туады. Сондай-ақ, арналарды механикалық тазарту, жолдар мен көпірлерді жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарға ерекше көңіл бөлу керек», — деп есептейді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті