«Басып кірген кезде ойынхананың 10 қонағы болған. Сыбайласқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде фишкаларды, ойын карталарын, 200 мыңнан астам теңге және 3 мың доллар қаржы тәркіледі. Ойынхана Өскеменнің сауда үйлерінің бірінде орналасқан болып шықты», — деп құлағдар етті баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Зыряновскідегі қалалық полиция бөлімінің жанындағы бұрынғы МАИ-дың ғимаратында 14 ойын автоматы бар заңсыз зал анықталды. Залда 5 адам болған.
«Күзеттің және бейне бақылау жүйесінің болуына қарағанда астыртын бизнес ауқымды көлемде жүргізілгенге ұқсайды», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті