Алматы мектептердің бірінде себілген белгісіз газдан 700 адам сыртқа шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мектептердің бірінде себілген белгісіз газдан 700 адам сыртқа шығарылды

Алматы мектептердің бірінде себілген белгісіз газдан 700 адам сыртқа шығарылды

Алматы. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мектептердің бірінде себілген белгісіз газдан 700 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды агенттік "Алматы қалалық құтқару қызметіне" сілтеме жасай отырып.

  • 12 Наурыз 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Алматы қалалық құтқару қызметінің» мәліметтері бойынша, 11 наурызда 051 кезекшілік пультке 14 сағат 31 минутта №94 орта мектеп директорынан ғимараттың ішіне белгісіз бір газдың себілгені туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушы химиктері «Мегакон-10К» құралымен ауадағы зиянды заттардың құрамын тексерді.

«Күкірт газының құрамы белгіленген нормадан 23 есе (11,8 млг/м3) артық болып шықты. Бұл адам денсаулығына зиянды. Мектептен 700 адам сыртқа шығарылды. №1 балалар клиникалық ауруханасына сегіз бала жеткізіліп тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Мектепте азаматтық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар жөнінде сабақтарды өткізу жөнінде ұсыныс берілді», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті