«Заң жобасы «Конституциялық кеңес туралы» конституциялық заңды жаңартылған Конституцияға сәйкестендіруге бағытталған», -деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков.
Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «заң жобасын қарау барысында комитеттер мен депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, Конституциялық кеңестің шешімін мемлекет басшысының бастамасымен қайта қарау мүмкіндігі мен кеңес қандай жағдайда қосымша шешім шығара алатындығын нақтылады».
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті