Қырғызстаннан жыл сайын 150 келі ұнтақталған алтын тасымалданады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстаннан жыл сайын 150 келі ұнтақталған алтын тасымалданады

Қырғызстаннан жыл сайын 150 келі ұнтақталған алтын тасымалданады

Бішкек. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстаннан жыл сайын 150 келі ұнтақталған алтын тасымалданады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының геология және минералды ресурстар жөніндегі мемлекеттік агенттігіне сүйене отырып.

  • 12 Наурыз 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

Ведомство басшысы Қапар Құрманалиев бүгін жоғарғы кеңесте айтқанындай, алтын негізінен ұнтақталған түрде жеке компаниялармен сыртқа тасымалданады. Осыған орай мемлекеттік агенттік «Қырғызалтын» АҚ шығаратын ұнтақ алтынына экспорттық кеден баж салығын салмауды қарастыратын заң жобасын дайындап, парламенттің қарауына тапсырды.

Бүгінгі күні бір грамм алтын үшін алынатын $2мөлшеріндегі баж салығы қырғыз алтынын әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетінен айырып қана қоймай, Қырғызстан Республикасында салық заңнамасының нашарлауынан арнайы келісім бойынша қорғалған «Құмтор Голд Компаниясынан» басқа алтын өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды банкроттыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Өзгертулер мақұлданатын болса, онда мұндай баж салығы тек өңделмеген алтын мен ұнтақ ретінде шығарылатын алтынға ғана салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті