Сәуірде Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуірде Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Сәуірде Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев сәуір айында Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жаныш Рустанбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыс ету рәсімінен кейін құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Наурыз 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев сәуір айында Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті проблемаларын талқылау межеленген», -деді елші.

Атап айтсақ, шекаралық және экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азия республикаларының одағын құру мәселелері сарапқа салынады, деді елші.

Оның айтуынша, тараптар бұған қоса біріккен экономикалық қор құру жайын да талқыламақшы. «Біз экономикалық қор құру жайлы бұдан бұрын мәмілеге келгенбіз және бүгін Қырғызстан президентінің сапарына дейін осы мәселені шешу жөніндегі ұстаным ортаға салынды», — деді Ж. Рустанбеков.

«Өз басым елші ретінде екі елдің ынтымақтастығын тереңдете түсуге күш салатын боламын», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті