С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық «Байқоңыр» ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін жаңғырықсыз камерада сынап көрді.
Тексерулер аяқталғаннан кейін, қозғалтқыш құралдарын отынмен толтыру дайындықтары жүргізілетін болады. Отын аптаның соңында құйылады.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция мен сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері — Корея Республикасының азаматы Ли Со Енді жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті