"Дордой" операциясы кезінде шекарадан контрабандалық тауармен өтпек болған 80 көлік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дордой" операциясы кезінде шекарадан контрабандалық тауармен өтпек болған 80 көлік ұсталды

"Дордой" операциясы кезінде шекарадан контрабандалық тауармен өтпек болған 80 көлік ұсталды

Алматы. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз-Қазақ шекарасында өткен жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін жүргізіліп жатқан "Дордой" операциясы кезінде 500 млн теңгеге бағаланған, Қытай Халық Республикасында шығарылған түрлі тұтыну тауарлары тиелген 80 жүк көлігі ұсталды. Бұл туралы агенттікке Қырғызстан Республикасының Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Наурыз 2008
  • 363
Фото - Caravan.kz

«»Дордой» операциясы кезінде 500 млн теңгеден асатын, салмағы 1,5 мың тонна Қытай Халық Республикасында шығарылған түрлі тұтыну тауарлары тиелген 80 үлкен жүк көлігі ұсталды. Осыған орай экономикалық контрабандаға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды, оның біреуі заңсыз кәсіпкерлік бойынша қылмыстық іс», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кеденшілердің ақпараты бойынша «Айша Бибі» кеден бекеті қызметкерінің өз жұмысына салғырттықпен қарауына байланысты бір қылмыстық іс қозғалып, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы 24 тұлға әкімшіліктік жауапқа тартылды.

Бұл операцияны өткізудегі мақсат — шұғыл іздестіру шаралары мен кешенді тексерулерді өткізу, Қырғызстан аумағынан Қазақстанға контрабандалық тауарлар мен көліктердің өтуіне тосқауыл қою, қазақ-қырғыз шекарасында бақылауға алынбайтын учаскелеріндегі мүмкіндік пен жағдайды зерттеп, ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс қимылдарына қарсы тұру, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті