Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында түрік дипломаты президентке төтенше және өкілетті елшілік қызметінде атқарған жұмыстары жөнінде хабардар етіп, түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тақырыбын қаузады.
«Қазақстан президенті түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты нығайтуда айрықша маңызды роль атқарады. Қазір түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясын, тұрақты хатшылығын, түркі тілдес мемлекеттердің ақсақалдар алқасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде»,- деді елші.
«Мен Қазақстаннан үлкен өкінішпен кетіп барамын, өзім осы қызметте болған мерзім бойы сезініп келген достық пен ынтымақтастық ауанын ешқашан жадымнан шығармаймын», -деді Хаккы Танер Себен журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті