«Біз осы өте қызу және жауапты жұмысқа үміткерді ұзақ іздедік. Жасайтын жұмыс аз емес. Жаңа шағынаудандар, элиталы қалашық салуда көптеген жұмыстар күтіп тұр», — деп атап көрсетті облыс әкімі.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, Ж. Жәблиев 1960 жылы дүниеге келген. Алматы құрылыс техникумын, Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын бітірген құрылысшы-техник, инженер-экономист.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ол еңбек жолын Алматы үй құрылысы комбинатында жүк тасушы болып бастаған. Сосын магистральды газ құбырын салуда инженер, Алматы «Алаугаз» АҚ магистральды газ құбыры басқармасының құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. «Интергаз Орта Азия» ЖАҚ құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған.
2001 жылдан бастап «Мемлекеттік құрылыс және сәулет инспекциясы» РМК нысандары бойынша бас маман, бөлім бастығы, кейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Астана қалалық сәулет-құрылыс және лицензиялау басқармасында басшылық қызметтерде болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қалалық мемлекеттік сәулет және құрылысты қадағалау басқармасының бастығы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, құрылыс департаменті басшысының орны бұрынғы басшы Александр Маючийді қызметінен босатқаннан кейін 4 ай бойы бос тұрған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті