Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде газды-мұнайлы қоспаның жану салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде газды-мұнайлы қоспаның жану салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда

Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде газды-мұнайлы қоспаның жану салдарын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Наурыз 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«12 наурыз күнгі сағат 20-дағы жағдаймен жалынның биіктігі 30 метрді, диаметрі 35-40 метрді құрауда. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ «Ақберен» РМК-ның 14 адамы мен 13 арнаулы техникасы жұмылдырылды», — деп хабарлайды ТЖМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде 9 наурызда 2 сағат 30 минутта газ қоспасы бар мұнай атқылап, артынан ол тұтанып кетті.

Бұрғылау жұмыстарын «Сырдария Мұнай» АҚ жүргізіп жатқан, ұңғының жобалық тереңдігі 1550 метрді, забой тереңдігі 1507 метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті