Қырғызстанның қаржы полициясы Қазақстанның алкогольдік өнімін заңсыз сақтау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның қаржы полициясы Қазақстанның алкогольдік өнімін заңсыз сақтау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады

Қырғызстанның қаржы полициясы Қазақстанның алкогольдік өнімін заңсыз сақтау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады

Бішкек. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның қаржы полициясы қазақстандық алкогольдік өнімді заңсыз сақтау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Наурыз 2008
  • 341
Фото - Caravan.kz

Бұл іс Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабында (міндетті түрде акциздеуге жататын өнімді акциздік маркасыз өндіру, сақтау, импорттау және сату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалды, деп хабарлады Қырғызстан қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Қырғыз азаматы жеке кәсіпкер А. Осмоновадан акциздік маркасыз Қазақстан Республикасында өндірілген ірі көлемдегі алкогольді өнім табылды. Жалпы құны бірнеше ондаған мың сомды құрайтын 1 мыңнан астам бөтелке алкоголь тәркіленді, тергеу басталды. Оның барысында контрабандалық тауардың Қазақстаннан Қырғызстанға тасымалдану арналары да анықталуда.

1$=36 сом

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті