Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім беру бөлімінде 1,5 млн теңгенің қолды болу оқиғасы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім беру бөлімінде 1,5 млн теңгенің қолды болу оқиғасы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім беру бөлімінде 1,5 млн теңгенің қолды болу оқиғасы анықталды

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім беру бөлімінде 1,5 миллионнан астам теңгенің қолды болу оқиғасы анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Наурыз 2008
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Бюджет қаражатын пайдалану кезінде заң талаптарының орындалуын тексеру барысында Есіл ауданының прокуратурасы аудандық білім беру бөлімінің есепшісінің 1,5 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады», — делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру барысында аудандық білім беру бөлімінің бухгалтерлік қызметі 2007 жылы жүктілік және бала туу бойынша аурухана қағазын қолдан жасау жолымен есеп айырысатын және жинақ ақпар тізімі рәсімделген. Осы құжаттар бойынша ауыл мектептерінің жеті бірдей ұстазына жалпы сомасы 1,558 млн теңгені құрайтын жүктілік және бала туу бойынша жәрдемақы рәсімделген. Сосын осы ақша аудандық қазынашылық арқылы білім беру бөлімінің бухгалтерлерінің бірінің есепшотына аударылған. Нәтижесінде ақшаны білім беру бөлімінің үш бухгалтері бөліп алған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің тексеру материалдары бойынша үш бухгалтерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап көрсетті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті