Қырғыз парламентінің депутаттары Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы даулы жерлерге барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз парламентінің депутаттары Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы даулы жерлерге барады

Қырғыз парламентінің депутаттары Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы даулы жерлерге барады

Бішкек. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз парламентінің депутаттары Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы даулы жерлерді көруге барады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Жогорку кенештің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Наурыз 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бұл сапарға парламенттегі президенттік «Ақ Жол» фракциясының өкілдері бастамашы болған. Алғашқы сапар 18 наурызға жоспарланған. Депутаттар Таласқа барады. Сосын олар одан өзге екі жерді қарайды: бірі — Бішкекке жақын Тоқмақ қаласының маңында болса, екіншісі — Ыстықкөл облысының Қарқара деген жері.

«Қырғыз-қазақ шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 1224 шақырым», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Қырғыз — қазақ қатынастарындағы осы проблеманы жан-жақты зерттеу оның жақында Жогорку кенеште талқылануының алдында іске асып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті