Алматының балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге қатысты асыра сілтеулер анықталды - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге қатысты асыра сілтеулер анықталды - телеарна

Алматының балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге қатысты асыра сілтеулер анықталды - телеарна

Алматы. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматының балалар үйлерінде тәрбиеленушілерге қатысты асыра сілтеушіліктер анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 13 Наурыз 2008
  • 355
Фото - Caravan.kz

Телеарна хабарламасына сүйенсек, кеше Алматы прокурорлары мемлекет қамқорлығындағы балалармен жүздескен. Прокурорлардың айтуынша, кез-келген тәрбиеленуші арнайы телефонмен көмекке жүгіне алады. Ал мәселелер болса жетерлік».

Телеарна ақпаратына сүйенсек, Алматыдағы балалар үйінің бірінде тәрбиелеуші балаларды балғамен және белбеудің темір ұшымен ұрған. Әйелдің бір жылға сотталғаны, ал таяқ жеп келген қыз бала өтемақы ретінде бар болғаны 20 мың теңге алғаны анықталды.

Соған қарамастан прокурорлар бұдан әрі қарайда балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізіп тұрмақ ниетте. Олардың әңгімесіне қарап, оларды қамтамасыз етуге бөлінген ақшаның қалай ұрланып жатқанын білуге болады, дейді КТК. «Балалар үйінде 31 балаға қатысты 2 млн 166 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны алмау дерегі анықталды», — деп хабарлады прокуратура қызметкерлері. «Қазіргі уақытта қалалық прокуратурада қарастырылып жатқан ұсыныс енгізілді», — деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті