Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханасы жанынан гемодиализ орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханасы жанынан гемодиализ орталығы ашылды

Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханасы жанынан гемодиализ орталығы ашылды

Қарағанды. 13 наурыз. "Қазақтан Бүгін" - Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханасы жанынан гемодиализ немесе "жасанды бүйрек" орталығы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Наурыз 2008
  • 770
Фото - Caravan.kz

«Гемодиализ орталығы орналасқан клиникалық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 120 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, медициналық техниканы, оның ішінде 11 «жасанды бүйрек» аппаратын сатып алу үшін 89 миллион теңге бөлінді «, — деп атап өтті орталықтың ашылу рәсімінде Қарағанды облысының әкімі Н. Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин атап өткеніндей, медициналық мекемеде 20 орынға белгіленген 5 диализдік залы жұмыс жасайды. Ал 3 орын СПИД, сары ауру, туберкулез дертіне шалдыққандарға гемодиализдік ем жүргізу үшін бөлінді. Орталықта тәулік бойы және күндіз ғана емделетін адамдар үшін бөлмелер ашылған.

Бұдан бұрын облыстық клиникалық ауруханада осындай бөлім 1973 жылы ашылған болатын. Алайда, бүйрек ауруына шалдыққандардың көбеюіне байланысты және медициналық құрал- жабдықтардың жоқтығы бұл бөлімді кеңейту мәселесін тудырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті