GLOVE-В ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса бүгін ұшақпен «Юбилейный» әуежайына жеткізілді.
Ұшақтан түсірілген соң GLOVE-В ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданады, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындықтары жүргізіледі.
Galileo навигациялық жүйесінің бірінші жер серігі — GIOVE-A (Galileo In-Orbit Validation Element) Байқоңырдан 2008 жылдың 28 желтоқсанында «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. GIOVE-A ғарыштық аппараты биіктігі 23 000 шақырымнан астам есепті орбитаға шығарылды.
Galileo — Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.
АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі — Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.
Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.
GLOVE-В екінші жер серігін 2006 жылы ұшыру жоспарланған болатын, алайда ғарыштық аппарат дайын болмауға байланысты ұшырылым 2008 жылға шегерілді.
GLOVE-В ғарыштық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылғы көктемде ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті