Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу кезінде мемлекет басшысының биылғы жылғы халыққа жолдауындағы міндеттерге сәйкес ҚР ҚОҚМ алдында тұрған мақсаттары талқыланды. «Министрлік тарапынан құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау міндеттері, жергілікті бюджетке қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін аударылатын қаржыны бағыттау, аймақтық экологиялық шараларды жүзеге асырудағы инспекторлардың қолданылатын мүмкіндіктері мен мақсаттары белгіленді «, — делінген баспасөз хатында.
Сондай-ақ, табиғатты қорғау ведомствосының басшысы аймақтардағы экологиялық мәселелерге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды орындау жұмыстарына назар аударды, деп көрсетілген баспасөз хатында.
Сонымен қатар, аймақтардағы экологиялық мәселелерді тиімді шешу үшін, биылғы жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП бастамасымен қоғамдық тыңдаулар өткізу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты министрлік басшысының қатысуымен өтетін қоғамдық тыңдаулардың кестесі дайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті