Дастан Шаймерденұлы Сартаев 1959 жылдың 27 тамызында Қызылорда облысының Яны-Қорған ауылында дүниеге келді. 1981 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгерлік факультетін бітірді, заң ғылымдарының кандидаты. Университетті тәмамдағаннан кейін Жамбыл облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді. 1998-2008 жылдар аралығында Дастан Сартаев Алматы қаласының Жетісу ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының прокуроры қызметтерін атқарды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, облыстың бұрынғы прокуроры Рахымбек Мамырбаев ҚР президентінің жарлығымен ақпан айының соңында Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті