Маңғыстау облысында ҚР Еңбек кодексін бұзуға қатысты 669 оқиға анықталған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында ҚР Еңбек кодексін бұзуға қатысты  669 оқиға анықталған

Маңғыстау облысында ҚР Еңбек кодексін бұзуға қатысты 669 оқиға анықталған

Ақтау. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облыстық департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2007 жылдың, сондай-ақ, 2008 жылдың қаңтар және ақпан айларының қорытындысы бойынша шетелдердің қатысуымен құрылған 99 ұйымға ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізді. Бұл туралы агенттік тілшісіне департаменттегілер хабарлады.

  • 13 Наурыз 2008
  • 751
Фото - Caravan.kz

Департамент мәліметінше, тексерулер нәтижесінде ҚР Еңбек кодексі мен халықты жұмыспен қамту заңнамасын бұзуға қатысты 669 оқиға анықталған. 103 нұсқама беріліп, 60 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы көлемі 2 млн 441 мың теңгеден асатын айыппұл салынды.

Атап айтсақ, мемлекеттік инспекторлар «Алсим Аларко Санайи Тесислери ве Тиджарет А.Ш.» компаниясының филиалында асыраушысынан айрылуға байланысты шығынды өтеп беру жөніндегі ҚР азаматтарының құқығын бұзу оқиғасының бетін ашқан.

Сонымен бірге, «Япы КЗ» ЖШС-ін тексеру барысында онда 35 түрік азаматы шетелден жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсатсыз жұмыс істеп келгені анықталды. Сонымен бірге, департаменттің хабарлауынша, ЖШС ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 9-бабын бұзып, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде бермеген. Компанияға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 396-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік айыппұл (500 айлық есептік көрсеткіш) салынып, ескерту берілді.

Департамент ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 1-ақпанына сәйкес, Маңғыстау облысының аумағында шетелдің қатысуымен құрылған 125 ұйым жұмыс жүргізеді. Оларда еңбек ететін жұмысшылардың жалпы саны 24 570 адам, оның 2880 -шетел азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті